Қытайлық компания Қазақстанда зауыт салмақ


Қазақстанда Қытайлық компания жаңа кәсіпорын құрылысына инвестиция салуға ниетті, деп хабарлайды LS.

Kazakh Invest деректері бойынша, жобаны іске асыру $150 млн бағаланып отыр. Қытайлық Zhejiang Sunny Group Co.Ltd жүгері крахмалы мен тиамулин зауытын іске қосуға мүдделі.

Кейіннен инвестор биологиялық негізде өндірілетін өнімдердің тізбесін кеңейтуді қалайды. 500 жаңа жұмыс орны ашылады.

Дайын өнімді азық-түлік, фармацевтика, химия және ветеринария салаларында қолдана отырып, Еуроодақ пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспорттау жоспарлануда.

"Жоба сонымен қатар, өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуді, өнеркәсіптік ағынды суларды тазартуды және табиғи газды жағудан атмосфераға шығарындыларды азайту үшін қондырғыларды пайдалануды қарастырады", — делінген хабарламада.