Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды.

Республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Ауа райының күрт нашарлауына (температураның төмендеуі, қарлы боран, көрудің нашарлығы) байланысты 12 желтоқсан бастап республикалық маңызы бар "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автобанының "Тараз-Алматы бағыты бойынша және облыстық маңызы бар бірқатар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылған.

"Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен 13 желтоқсаннан бастап өңірлік жедел штаб құрылып, жұмыстар жүргізіп жатыр.

Құтқару жұмыстарына 117 арнайы техника, 103 адам (ТЖД, әскери қызметшілер) жұмылдырылды", — делінген хабарламада.