Абай облысында миллионға жуық қарызы бар көлік анықталды
Заң бұзушының көлігі барлық қарызы толық төленгенге дейін арнайы тұраққа қойылды.
Toyota көлігінің иесі 1 миллион 583 мың теңге көлемінде 50 жол ережесін бұзу фактісін жинақтаған.
Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 30 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды.
Абай облысы полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындау барша қатысушылардың қауіпсіздігі үшін маңызды екенін ескертеді.
Сурет: pixabay.com