Абай облысында көлік басқарып келген жүргізуші жолда ұйықтап қалған

Ол ауыр жүк көлігіне соғала жаздаған.

Жол апаты 9 қаңтар күні кешке Омбы-Майқапшағай автожолының 659 шақырымында орын алды. Болжам бойынша, 30 жастағы Lada Granta жүргізушісі шаршағандықтан рульде ұйықтап қалған. Қарама қарсы фураға соғылмайын деп, басқаруды жоғалтқан жеңіл көлік кюветке ұшып, аударылды.

Абырой болғанда, ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Сурет: Абай облысы ПД