Антикор Солтүстік Қазақстан облысында мәслихат депутатын ұстады
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен облыстық мәслихат депутаты, Петропавл қаласы әкімдігіне қарасты «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» КМК директоры Павел Булаев ұсталды. |
Оған бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Qazaqstan Media -ға сілтеме жасап. .
Бұл ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментіндегілер растап отыр. Қазір бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталып отырған 50 жастағы Павел Булаев қамауға алынған. Ол бірнеше жылдан бері Петропавл қаласы әкімдігіне қарасты «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» КМК басқарып келеді. Ал былтыр наурыз айында «Ақ жол» ҚДП атынан сайлауға түсіп, депутат атанған болатын.
Еске сала кетейік, осыған дейін Тимирязев ауданы білім бөлімінің басшысы 1,2 млн теңге мөлшерінде пара алған болатын. Ал оның қарамағындағы қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінде жауап алуға қатысып, кейін өз-өзіне қол жұмсады.
Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлады СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті.
Павел Булаев бір жыл бұрын облыстық мәслихаттың депутаты болғаны айтылды. Ол бір мандатты №13 аумақтық сайлау округі бойынша "Ақ жол" партиясынан сайланған.