Үржар ауданында медицина пункті ашылды
Жаңа нысан заманауи стандарттарға сай салынған.
"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" Ұлттық пилоттық жобасы аясында облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Бұл медпункттің ашылуы ауыл тұрғындарына сапалы амбулаториялық медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді. Жаңа нысан өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ.
"Медициналық пункте бір мезетте 25 адамды қабылдауға болады. Нысан дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Заманауи стандарттарға сай салынған ғимарат емшара қабылдау мен физиотерапия кабинеттері, дәріхана және науқастар мен қызметкерлер жайлылығы үшін қажетті басқа да бөлмелермен жабдықталған. Пункттер су, жылу желілері, электрмен жабдықталып, пандустар орнатылған", — деді Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риаханов.
Бұл медициналық пункт аймақ тұрғындарының денсаулығы мен жайлылығын қамтамасыз етудегі маңызды нысан болады.
Сурет: Абай облысы құрылыс басқармасының баспасөз қызметі