«Абайлаңыздар»: Ринат Зайытов күтпеген мәлімдеме жасады
Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов шығармашылығындағы жаңалығын айтты. |
Ринат Зайытов Instagram желісіндегі парақшасында жеке шығармашылық кеші өтетін айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы
"Әуелден өнер адамы екенім бәріңізге аян. Бірақ, өмірдің бұралаң жолы мені саясат сахнасына алып келді. Бүгінде әр күнім кешегі көрерменді сағынумен өтеді. Кейінгі он айда есіме түсетін бақытты сәттерім аса көп емес. Сондай сәттердің ең тәттісі осыдан екі жыл бұрын өткен шығармашылық кешім. Содан бері қарбалас жұмыстардан уақыт үнемдеп, сіздермен тағы бір жүздесудің ретін келтіруге барымды салудамын. Шүкір. Оның да орайы келген сияқты",-деді депутат.
Депутат-ақынның шығармашылық кеші 10 ақпан күні Алматы қаласындағы Республика сарайында өтеді.
"Сонымен, Ақпан айының 10-ы күні, Алматыда. Республика сарайы. Сағат 19:00 де “Абайлаңыздар” атты музыкалық кешке шақырамын. Кеш- түгелдей жанды дауыста өтеді. Өздеріңізге танылған әндерді Қазақ сахнасының жұлдыздары: Мейрамбек Беспаев, Ғаділбек Жаңай, Заман тобы, Нұржан Шөкенов, Мақпал Исабекова, Ермек Меденов, Бибігүл Қилымхан, Әсет Есжан, Айсауле Қайырғазина, Ұлжан Ағлақова, Нариман Әбдірахманов, Азат Дулатұлы, Құралай Өтепова, Ерсейіт Әлиев ж.т.б Алатау ансамблінің сүйемелдеуімен орындайды. Уақыт тауып, келген көрермен өкінбейді. Біз сіздерді сағына күтеміз",-деді Ринат Зайытов.
Сондай-ақ, ақын аталмыш кешке мемлекет қаржысынан бір тиын да жұмасалмайтынын жеткізді.