Семейдегі колонияда сотталған ағаш шебері мешітке өз қолынан сый жасады

Сыйлық мешіт қызметкерлеріне әкімшілік арқылы табысталды.

Сотталған азамат құран кітабына арналған қобдиша мен ағаштан 3D картинасын өз қолымен жасап, Семей қаласындағы мешіт қызметкерлеріне әкімшілік арқылы табыстады.

– Менің сүйікті жұмысым – мені құтқаратын және мені бақытты ететін нәрсе. Менің сыйлықтарымды ризашылықпен қабылдайтын қоғаммен байланыс орнатуға мүмкіндік берген мекеме әкімшілігіне мың мәрте алғыс айтамын, – дейді сотталған Н.

– Тағдыры қиын, темір қапаста отырғанына карамастан, осындай керемет дүниелерді жасауға ниет еткен азаматқа рахметтен басқа айтарымыз жоқ. Күндеріне жеңілдік беріп аман есен үйіне оралуына тілектеспіз, – дейді мешіт имамы Ерлан.

Айта кетейік, сотталған Н. колонияда төрт жыл жұмыс істеген уақытында, Семей қаласындағы балалар үйіне жұмсақ жиҺаз, балаларға арналған ойыншық аттар, ойын-сауық үстелін жасап берген.

Сондай-ақ қатерлі ісікпен ауырып, химиотерапиядан өтіп жатқан әйелдерге қораптар, косметикаға арналған қарындаштар сыйлаған болатын.

Сурет: Polisia.kz