Абай облысында Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың өкілдігі ашылды
Азаматтар олардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына байланысты тікелей Ұлттық орталықтың өкілдігіне жүгіне алады.
Азаматтар олардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеліп соқтырған лауазымды тұлғалар мен ұйымдардың әрекеттеріне не әрекетсіздігіне немесе шешімдеріне шағымдана алады.
Сондай-ақ, өкілдікке қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар жүгіне алады.
Омбудсмен уәкілетті органдардың функцияларын алмастырмайды, бірақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жәрдемдесетінін атап өткен жөн.
Облыс бойынша орталық өкілдігін Дулат Ертұғанұлы Жұмагелдин басқарады.
Өкілдік Семей қаласы, Затаевич көшесі, 4 мекенжайында орналасқан.
Сурет: ашық дереккөздерден