Қостанай облысында орманнан бойжеткеннің денесі табылды

Қостанай облысында саңырауқұлақ теруге шыққандар орманнан жас қыздың денесін тауып алды.

Alau.kz жазуынша, 27 тамызда сағат 17.00 шамасында Архиповка ауылынан 5 шақырым жерде саңырауқұлақ теріп жүргендер жас қыздың денесін тапқан. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

«Кездейсоқ көріп қалдық. Сол жерде көлігі де тұр екен. Алдыңғы орындықта балаларға арналған орындық бар», – дейді видеодағы дауыс.

Ақпаратты Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі растады.

Қазіргі уақытта полицейлер аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Тергеу амалдары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.